Жаңа «Спорт сарайы» пайдалануға берілді

    М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті аумағында заманауи «Спорт сарайы» пайдалануға берілді. Жоба университет инфрақұрылымын жаңғырту аясында жүзеге асырылды. Жалпы ауданы – 1 386 шаршы метр, екі қабатты нысан университеттің өз қаражаты есебінен салынған. Кешен оқу процесіне толық интеграцияланған. Мұнда дене шынықтыру сабақтарын өткізуге, студенттердің практикалық даярлығын ұйымдастыруға, спорт секцияларының жаттығуын қамтамасыз етуге және спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізуге мүмкіндік бар. Бірінші қабатта ауыр атлетика, жалпы дене дайындығы және гимнастика залдары орналасқан. Екінші қабатта күрес, бокс және гимнастика залдары, сондай-ақ қосымша жалпы дайындық аймағы қарастырылған.

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз