М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті студенттері үшін әскери кафедра мамандарымен кездесу ұйымдастырылып, құқықтық тәрбие мен заңға бағыну мәдениетін қалыптастыру мәселелері талқыланды. Кездесу барысында прокуратура ұсынған «Закладчик. Расплата» және «Закладчик. Мать» атты деректі фильмдер көрсетіліп, олардың мазмұны бойынша кеңінен пікір алмасу өтті. Фильмдерде есірткі қылмысына тартылудың ауыр салдары, жастардың тағдырына тигізетін әсері және заң алдындағы жауапкершілік нақты мысалдар арқылы көрсетілген. Студенттер мамандарға өз сұрақтарын қойып, құқықтық сауаттылықты арттыру, қауіптің алдын алу және саналы таңдау жасау туралы маңызды ақпарат алды. Мұндай кездесулер жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға, заң мен тәртіп қағидаларын нығайтуға және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған маңызды шаралардың бірі болып табылады.
