«Абайдың “Толық адам” ілімі: білім-ғылым жолы, адамдық-кісілік жолы, өзін-өзі тану және тұлға қалыптастыру қағидалары» Абай Құнанбайұлы негізін қалаған «Толық адам» ілімі тұлғаның үйлесімді дамуы мен кемелденуін, рухани-адамгершілік құндылықтарды орнықтыруды айқындайтын іргелі философиялық-танымдық тұжырымдамасын талдауға арналған алқа мәжілісі өтті. Алқа мәжілісінде абайтану, тұлға тәрбиесі және қазіргі қоғамның құндылықтық бағдарларына қатысты өзекті мәселелер ғылыми-тәжірибелік тұрғыдан қарастырылады. Іс-шараның мазмұндық өзегі - Абай мұрасындағы адам кемелдігінің қағидаларын жас ұрпақтың зияткерлік және рухани даму үдерісімен сабақтастыру. Сондай-ақ білім мен ғылымға ұмтылудың дүниетанымдық негіздеріне, адамдық және кісілік құндылықтардың мәні мен маңызына, өзін-өзі тану мен тұлғалық дамудың тетіктеріне, сондай-ақ саналы әрі жауапты тұлға қалыптастырудың әдіснамалық қырларына арналды. Сонымен қатар Абайдың «Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым» қағидалары жеке тұлғаның зияткерлік мәдениеті мен рухани кемелденуінің іргелі негізі ретінде пайымдалды. Іс-шара аясында БҚУ ғылыми кітапханасы «Абайдың “Толық адам” ілімі - тұлға баулу жолының темірқазығы» атты көрме ұйымдастырды.





