Өңірлік кәсіптер атласын білім беру бағдарламаларына интеграциялау

    2026 жылғы 4 наурызда университетте білім беру бағдарламаларын жаңғырту және жоғары білімнің заманауи талаптарын енгізу мәселелеріне арналған білім беру бағдарламаларының жетекшілеріне арналған оқу семинары өтті. Іс-шара барысында мемлекеттік білім беру стандарттарына енгізілген негізгі өзгерістер, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының өңірлік жаңа кәсіптер мен құзыреттер атласын білім беру процесіне интеграциялау мүмкіндіктері қарастырылды.

    Семинардың орталық мәселелерінің бірі жоғары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына енгізілген өзгерістерді талқылау болды. Қатысушылар педагогикалық білім беру бағдарламаларына қойылатын, аутизм спектрінің бұзылыстары бар балаларды сүйемелдеуге бағытталған пәндерді, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылармен жұмыс істеудің халықаралық әдістемелерін меңгеруді көздейтін жаңа талаптармен танысты. Инклюзивті білім беру құндылықтарын қалыптастыруға және тиісті құзыреттерді оқыту нәтижелері мен пән силлабустарында көрсетуге ерекше назар аударылды.

    Семинар аясында білім беруді цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын енгізу мәселелері де талқыланды.

    Жеке блок өңірлік жаңа кәсіптер мен құзыреттер атласын білім беру бағдарламаларына интеграциялауға арналды.

    Семинардың практикалық бөлігі микробіліктіліктерді әзірлеуге арналды. Білім беру бағдарламаларының жетекшілеріне білім беру бағдарламаларының жұмыс оқу жоспарларын талдау, негізгі еңбек функцияларын айқындау және нақты кәсіби дағдыларды қалыптастыруға бағытталған микробіліктіліктерді әзірлеу ұсынылды. Мұндай тәсіл білім беру бағдарламаларын неғұрлым икемді етуге және еңбек нарығының нақты сұраныстарына бағдарлауға мүмкіндік береді.

    Өткізілген семинар жоғары білімді дамытудың заманауи үрдістерін талқылау, тәжірибе алмасу және еңбек нарығының талаптары мен білім беру жүйесін дамытудың стратегиялық бағыттарын ескере отырып, білім беру бағдарламаларын жаңарту бойынша практикалық шешімдерді әзірлеу үшін маңызды алаңға айналды.

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз