Бұл күні Махамбет университетінің ерлер қауымы әріптес аруларға ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлап, өз өнерлері мен жүрекжарды жылы лебіздерін арнады. Кеш барысында әсем әндер шырқалып, нәзік жандыларға құрмет пен алғыс білдірілді. Мерекелік шара ұжым арасындағы сыйластық пен ізеттіліктің жарқын көрінісіне айналып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.








