WKU Startup DNA Jective

    Екінші жыл қатарынан университет студенттерді, ғылымды және кәсіпкерлікті біріктіріп, “Ғылым күніне” арналған стартап-жобалар байқауын өткізді. 20-дан астам команда өз идеяларын жүзеге асыру үшін бақ сынап, соның ішінде ең мықты 10 жоба финалға өтті. Қатысушылардың идеялары IT-сервистер мен мобильді қосымшалардан бастап, жасыл экономика мен әлеуметтік кәсіпкерлікке дейінгі кең бағыттарды қамтыды. Бұл - студенттік энергия нақты инновацияларға, ал идеялар стартаптарға айналатын алаң.

    Synaqmaker - бағдарламалау олимпиадаларына арналған шешімдерді автоматты тексеру жүйесі;

    Ducky Run - ТМД нарығына шығу әлеуеті бар мобильді аркадалық ойын;

     Jaryq AI - оқу процесін жеңілдетіп, уақытты үнемдейтін студенттер мен оқытушыларға арналған цифрлық платформа.

    Барлық қатысушыларға марапатталды, ал үздік жобалар енді БҚУ стартап-инкубаторында менторлық және техникалық қолдау алып, сарапшылар және инвесторлармен тікелей жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады. Startup DNA Jective - бұл жай ғана байқау емес. Бұл әр студентке болашаққа қадам жасауға, бизнес пен инновацияда өзін сынап көруге, дағдыларын дамытуға және өз идеясына серіктес табуға мүмкіндік беретін алаң.

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз