Ағымдағы оқу жылының 30.03.-10.04. мерзім аралығында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті 7М01505 – Биология білім беру бағдарламасы бойынша магистранттар ғылыми тағылымдамадан өтті. «Биологиялық зерттеулердің әдіснамалық негіздері мен принциптері» атты бұл бағдарлама аясында білім алушылар биология ғылымындағы заманауи зерттеу бағыттарымен, ғылыми танымның әдіснамалық негіздерімен және зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі қағидаларымен танысты. Тағылымдама мазмұны іргелі және қолданбалы биологиялық мәселелерді шешуге бағытталған зерттеу әдістерін меңгеруге, ғылыми ақпаратты талдауға және жүйелеуге, сондай-ақ зерттеу нәтижелерін тәжірибеде қолдануға негізделген.
Бағдарламаның басты мақсаты – магистранттарды биология саласындағы ғылыми зерттеулер жүргізудің әдіснамасымен таныстыру және алынған нәтижелерді білім беру үдерісінде тиімді пайдалану жолдарын меңгерту болып табылады. Осы мақсатқа жету барысында магистранттар биологиялық зерттеулердің негізгі принциптерін игеріп, ғылыми зерттеу кезеңдерін, әдістерін және тәсілдерін терең меңгерді. Сонымен қатар, олар заманауи зертханалық және далалық зерттеу әдістерімен танысып, ғылыми деректерді жинау, өңдеу және талдау дағдыларын қалыптастырды.
Тағылымдама барысында білім алушылар өзекті ғылыми мәселелерді анықтап, оларды шешудің тиімді жолдарын қарастырды, ғылыми ақпаратпен жұмыс істеуді, деректерді интерпретациялауды және нәтижелерді ғылыми тұрғыдан негіздеуді үйренді. Сонымен қатар, зерттеу нәтижелерін оқу үдерісіне енгізу, оларды білім беру практикасында қолдану мүмкіндіктері қарастырылды.
Нәтижесінде, тағылымдаманы аяқтаған магистранттар биологиялық зерттеулердің әдіснамалық негіздерін терең түсініп, ғылыми зерттеу жұмыстарын өз бетінше жүргізе алды, заманауи әдістерді тиімді қолданады және алынған нәтижелерді білім беру процесінде пайдалану құзыреттілігіне ие болады. Бағдарламаны аяқтау қорытындысы ретінде магистранттарға сертификат ұсынылды.







