АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ – САПАЛЫ БІЛІМ МЕН КӘСІБИ ДАМУДЫҢ КЕПІЛІ

    Ағымдағы оқу жылында Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Биология және балық шаруашылығы кафедрасының қауымдастырылған профессоры, биология ғылымдарының кандидаты У.К. Бисенов 2026 жылдың  6–17 сәуір аралығында дәріс және практикалық сабақтарын өткізуде. Аталған кезеңде оқытушы магистранттарға бірқатар маңызды биологиялық пәндер бойынша оқу сабақтарын жүргізеді..

    Атап айтқанда, «Клеткалық биология» пәні бойынша М Б-11 және М Б-11-1 топтарына дәрістер мен практикалық сабақтар ұйымдастырылды. Сабақтар барысында жасушаның құрылымы мен қызметі, жасушалық деңгейдегі негізгі биологиялық процестер, сондай-ақ заманауи клеткалық зерттеу әдістері қарастырылды.

    Сонымен қатар, «Теориялық биологияның қазіргі заманғы проблемалары» пәні аясында М Био-21 және М Био-21-1 топтарына дәрістер мен практикалық сабақтар жүргізіледі. Сабақтар мазмұнында биология ғылымының қазіргі даму бағыттары, теориялық мәселелері және ғылыми зерттеулердің өзекті бағыттары талқыланды.

    Сабақтар белгіленген кестеге сәйкес №5 оқу ғимаратының әртүрлі дәрісханаларында өткізіледі. Оқу процесі дәріс және практикалық сабақтарды тиімді үйлестіру арқылы ұйымдастырылып, білім алушылардың теориялық білімдерін тереңдетуге және практикалық дағдыларын дамытуға бағытталады.

    Жалпы алғанда, академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде ғалымның өткізген сабақтары магистранттардың кәсіби дайындығын арттыруға, заманауи биологиялық білімдерін кеңейтуге және ғылыми ойлау қабілеттерін дамытуға елеулі үлесін қосады.

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз