М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде Ашық есік күні өтті
2026 жылдың 7 сәуірінде М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде талапкерлерге арналған Ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шара ерекше форматта өтіп, болашақ студенттерге оқу орнының білім беру мүмкіндіктерін жан-жақты таныстыруға бағытталды.
Ашық есік күні аясында қонақтар университеттің білім беру бағдарламаларымен танысып, оқу үдерісі, академиялық мүмкіндіктер және студенттік өмір туралы толық ақпарат алды. Сонымен қатар, қатысушылар пәндік олимпиада жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне куә болды.
Іс-шара барысында талапкерлер университеттің шығармашылық және зияткерлік ортасын сезініп, өз болашақ мамандықтарын таңдауға маңызды қадам жасады.
Мұндай кездесулер талапкерлерге дұрыс кәсіби бағдар беріп, жоғары оқу орнын таңдауда нақты шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
? Батыс Қазақстан университеті – бұл тек сапалы білім ғана емес, бұл – мүмкіндіктер кеңістігі.
