М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде Ғылым қызметкерлері күніне орай 83-ші халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Бұл маңызды ғылыми алаң жыл сайын жас зерттеушілерді, оқытушылар мен сарапшыларды біріктіріп, жаңа идеялар мен зерттеулердің тоғысатын ортасына айналып келеді. Салтанатты ашылуда Басқарма төрағасы-ректор, профессор, б.ғ.к. Нұрлан Сергалиев ғылымның қоғам дамуындағы рөлі мен жас ғалымдарды қолдаудың стратегиялық маңызын атап өтті. Конференция барысында Жайық өңірінің ортағасырлық археологиясынан бастап цифрлық білім беру, психолингвистика және халықаралық биологиялық зерттеулерге дейінгі өзекті ғылыми бағыттар ұсынылды. Бүгінде университетте 134-тен астам ғылым докторы, кандидат және PhD дәрежесіне ие ғалым еңбек етсе, олардың 27-сі - жас ғалым. 2025 жылы БҚУ-да 30 ғылыми жоба жүзеге асырылып, гранттық қаржыландыру көлемі артып келеді. Университет ғылым мен бизнесті ұштастыру бағытында да жүйелі жұмыс жүргізуде: бизнес-клуб құрылып, халықаралық серіктестіктер орнатылып, стартап-платформа мен воркшоптарға 300-ге жуық қатысушы тартылды. Ғылым қызметкерлері күніні қарсаңында үздік ғалымдарымыз “Ахмет Байтұрсынұлы» және «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгілері, «Ғылым үздігі» құрмет дипломы иегері атанды. Іс-шара барысында ректор университеті дамытуға еңбектеніп жүрген мамандарға құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыстады. Сондай-ақ Startup DNA Jective байқауының жеңімпаздары да арнайы марапатталды.

