Кітап – рухани көпір

    Ұлттық кітап күніне арналған онкүндік аясында Махамбет университетінде «Кітап сыйла» акциясы ұйымдастырылды. Игі бастама студенттер мен оқытушылар арасында кітап оқуды насихаттауға және оқу мәдениетін дамытуға бағытталды. Акция аясында Махамбет Өтемісов ат. БҚУ мен Жәңгір хан ат. БҚАТУ кітап алмасты. Бұл бастама екі жоғары оқу орнының студенттері мен оқытушылары арасындағы рухани байланысты нығайтып, білім мен мәдени құндылықтарды бөлісудің жарқын үлгісіне айналды. Осындай игі шаралар студенттер арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастырып, жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайта түседі.

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз