17-18 сәуір күндері Алматы қаласында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің базасында 6В01201 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы бойынша «Болашақ тәрбиеші цифрлық ортада: жасанды интеллект және кәсіби даму» тақырыбында ХVІІI Республикалық пәндік олимпиада дәстүрлі түрде ұйымдастырылды.
Биылғы білім додасына еліміздің жоғары оқу орындарынан 14 команда қатысып, бақ сынады. Университетіміздің намысын 6В01203 – «Мектепке дейінгі білім беру» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері Зеин Айкүміс, Жанболатова Мейрамгүл, Амангельдиева Алина және Асанова Сабира қорғады. Команда жетекшісі – оқытушы, магистр Даргужиева А.А.
Тартысты өткен сайыс қорытындысы бойынша біздің студенттер жоғары дайындық пен кәсіби білімдерін көрсетіп, 14 команданың арасынан суырылып шығып, жүлделі 2 орынды иеленді.
Бұл жеңіс – студенттердің қажырлы еңбегі мен жетекші ұстаздың төккен терінің, бағыт-бағдарының нәтижесі. Команда мүшелерін және жетекшісі Даргужиева А.А.-ны осы айтулы жетістігімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да ғылым мен білім шыңдарын бағындыра берулеріне тілектеспіз.


