БҚУ мен Қытай Халық Республикасы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

    М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде Қытай Халық Республикасы Елшілігінің делегациясымен ректордың жұмыс кездесуі өтті. Кездесу ғылым және жоғары білім саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне арналды.

    Делегация құрамында ҚХР-дың Ақтөбедегі Бас консулдығының өкілдері - Бас консул Го Юй және консул Чжан Шэнп болды. Келіссөз барысында екі елдің білім және ғылыми ұйымдары арасындағы болашақ ынтымақтастықтың негізгі бағыттары қарастырылды.

    Тараптар академиялық ұтқырлықты кеңейтуге, бірлескен білім беру бағдарламаларын дамытуға және ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыруға ерекше назар аударды. Сондай-ақ Қытайдың жетекші жоғары оқу орындарымен серіктестік байланыстарды нығайту және студенттер мен оқытушылар алмасуын жүйелі түрде дамыту мәселелері талқыланды.

    Кездесу қорытындысы бойынша тараптар білім беру сапасын арттыруға, ғылыми өзара іс-қимылды күшейтуге және халықаралық академиялық интеграцияны кеңейтуге бағытталған ынтымақтастықты одан әрі жүйелі түрде дамытуға өзара мүдделілік танытты.

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз