Махамбет университетінде студенттер, түлектер мен жұмыс берушілерді тоғыстырған алаң «Мансап күні» өтті. Іс-шараға білім беру, мәдениет, өнер, құқық салалары мен ірі компаниялардың өкілдері қатысып, еңбек нарығындағы сұраныс, бос жұмыс орындары және мансаптық мүмкіндіктер туралы өзекті ақпаратпен бөлісті. Биыл университетті шамамен 1600 түлек бітіреді,оның ішінде мыңнан астамы - педагогикалық бағыттағы жас мамандар. Бүгінде студенттердің көпшілігі оқу барысында-ақ тәжірибеден өтіп, өз мамандығы бойынша еңбек жолын бастап үлгеруде. Жәрмеңкеге Батыс Қазақстан аумағының жұмыс берушілерінің қатысуы - университет түлектеріне сұраныстың тек өңірде ғана емес, бүкіл батыс аймақта жоғары екенін көрсетеді. БҚУ түлектерінің 60%-ы оқу бітірген алғашқы жылы жұмысқа орналасады, 83%-ы өз мамандығы бойынша қызмет атқарады. Теория мен тәжірибені ұштастырған білім, қолдау және нақты мүмкіндіктер - табысты болашақтың кепілі. БҚУ - білім мен мансап тоғысатын сенімді орта.


