Мемлекеттік рәміздер - бірегейлігіміздің айғағы

    М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай «Елімнің рәміздері - елдігімнің белгісі» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты - мемлекеттік рәміздердің тарихи және рухани маңызын насихаттау, жастардың бойында патриоттық құндылықтарды қалыптастыру және ұлттық бірегейлікті нығайту.

    Дөңгелек үстел барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы мен Әнұранының тәуелсіз еліміздің басты нышандары ретіндегі рөліне тоқталып, олардың қоғамдағы орны мен тәрбиелік мәнін талқылады. Сондай-ақ мемлекеттік рәміздердің азаматтарды ортақ мақсаттар мен ұлттық мүдделер төңірегінде біріктіретін маңызды рухани құндылық екені атап өтілді.

    Кездесуде сөз сөйлеген спикерлер мемлекеттік рәміздерді құрметтеу әр азаматтың парызы ғана емес, Отанға деген сүйіспеншілік пен жауапкершіліктің көрінісі екенін жеткізді. Шара барысында студенттер де белсенділік танытып, мемлекеттік рәміздерді жастар арасында дәріптеудің заманауи жолдары жөнінде өз пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар тақырыпқа қатысты жобаларын ұсынып, өз ұсыныстарымен бөлісті.

    Мемлекеттік рәміздерге деген құрмет - ел тарихына, ұлттық мәдениетке және тәуелсіз Қазақстанның болашағына деген құрметтің негізі. Осындай тағылымды шаралар жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастырып, елдік құндылықтарды дәріптеуге ықпал етеді.

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз