М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде жүзеге асырылып жатқан AISANA бағдарламасы студенттердің цифрлық құзыреттілігін арттыруға және жасанды интеллект технологияларын меңгеруге бағытталған маңызды білім беру бастамасына айналды.
Бағдарлама аясында білім алушылар цифрлық технологияларды белсенді игеріп, жасанды интеллект құралдарымен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруда. Алған білімдері оқу үдерісінде ғана емес, түрлі жобалар мен практикалық тапсырмаларды орындауда да тиімді қолданылуда. Бұл студенттердің цифрлық сауаттылығын арттырып, заманауи технологияларға деген қызығушылығын күшейтуде.
Мәдениет және өнер факультетінің цифрлық офицері Гүлмира Амантурлинаның айтуынша, бағдарламаға қатысушылар жоғары белсенділік танытып келеді. Студенттер сабақтарға қызығушылықпен қатысып, өз идеяларын ұсынып, жаңа білім мен дағдыларды меңгеруге ерекше ынта білдіруде. Жастар цифрлық технологиялар мен жасанды интеллекттің болашақ мамандықтар үшін маңызын терең түсініп, кәсіби дамуға бағытталған мүмкіндіктерді тиімді пайдалануда.
Қазіргі таңда бағдарлама аясында жасанды интеллект, деректерді талдау және цифрлық сервистер бағыттарына басымдық берілуде. Сонымен қатар практикалық оқытуды дамыту, студенттердің жобалық жұмыстарын қолдау және IT саласының өкілдерімен өзара байланыс орнату маңызды бағыттардың бірі ретінде қарастырылуда.
AISANA бағдарламасының келесі кезеңінде студенттердің теориялық білімдерін тереңдетіп, практикалық машықтарын жетілдіруге ерекше назар аударылады. Бағдарлама қатысушыларына нақты кәсіби міндеттерді шешуге, цифрлық жобалар мен инновациялық шешімдер әзірлеуге мүмкіндік беру көзделген. Бұл олардың еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, заманауи талаптарға сай маман ретінде қалыптасуына ықпал етеді.
AISANA – студенттердің цифрлық сауаттылығын арттырып қана қоймай, оларды жасанды интеллект дәуірінің жаңа мүмкіндіктеріне дайындайтын заманауи білім беру алаңы. Бағдарлама жастардың инновациялық ойлау қабілетін дамытып, цифрлық трансформация жағдайында табысты кәсіби қызмет атқаруына негіз қалайды.

