«Білім берудегі инновациялық әдістеме» байқауы

    2026 жылы 15 маусым күні  М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде мамандар даярлаудағы сапаны арттырудың жаңа жолдарын іздеуде, оқытудың инновациялық технологияларын сабақтарда қолдана отырып, инновациялық педагогикалық тәжірибені тарату мақсатында «Білім берудегі инновациялық әдістеме» дәстүрлі  байқауы өтті.

    Байқау барысында алты факультеттен 12 қатысушы өз тәжірибелерінде қолданып жүрген инновациялық әдістерімен бөлісті.  Байқау қорытындысы бойынша  I дәрежелі дипломға физика-математика факультетінің оқытушылары Искалиева А.У. мен Нургалиева К.К., II дәрежелі дипломға филология факультетінің оқытушысы Мұханбетова Ж.Ө., III дәрежелі дипломға педагогика факультетінің оқытушысы Нәбиева Ж.Ж. ие болды. Сонымен қатар «ЖИ –ді үздік қолданған әдістеме» номинациясы А.М. Нургалиеваға (Тарих, экономика және құқық факультеті), «Цифрлық инновация көшбасшысы» номинациясы С.С.Альмурзинаға (Филология факультеті),  «Озық тәжірибе» номинациясы Б.М.Кусайыноваға берілді.

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз