М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің елшілерінен құралған делегацияны қабылдады.
Кездесу барысында дипломатиялық корпус өкілдері студенттер мен оқытушыларға Еуропада білім алу мүмкіндіктері, халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламалары, студенттік алмасу жобалары мен шәкіртақы туралы кеңінен ақпарат берді.
Әсіресе, еркін форматтағы сұрақ-жауап алаңы жастардың қызығушылығын арттырды. Студенттер Еуропалық университеттерде оқуын жалғастыру, кәсіби даму мен халықаралық еңбек нарығындағы мүмкіндіктер жөнінде өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.
Сапар аясында мәртебелі қонақтар университеттің жаңа шығармашылық орталығында заманауи инфрақұрылымымен, инновациялық жабдықтарымен және шығармашылық білім беру кеңістігімен танысты. Делегация мүшелері орталықтың әлеуетіне жоғары баға берді.
Бұл кездесу университеттің халықаралық байланыстарын нығайтып қана қоймай, студенттер мен оқытушылар үшін жаңа білім мен тәжірибе алмасу мүмкіндіктеріне жол ашқан маңызды кездесу болды.




