Поляк акаролог ғалымдары М. Өтемісов атындағы БҚУ-де ғылыми зерттеулер жүргізуде

    ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруы аясында жүзеге асырылып жатқан *BR28712767* «Орал өңірінің экологиялық, әлеуметтік-демографиялық, экономикалық-географиялық, палеобиогеографиялық аспектілерін зерделеу және оның табиғи-ресурстық әлеуетін бағалау» ғылыми-техникалық бағдарламасы шеңберінде М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетіне Польшадағы Ұлы Казимир университетінің жетекші акаролог ғалымдары Славомир Качмарек пен Томас Марквардт келді.

    Сапар барысында ғалымдар университеттің зертханалық базасымен, гербарий қорымен, зоологиялық коллекциясымен танысып, Академиялық және зерттеу артықшылығы орталығының салынып жатқан жаңа оқу-зерттеу корпусын аралады.

    Бірлескен ғылыми зерттеулер аясында Батыс Қазақстан облысының аумағында далалық экспедициялық жұмыстар жүргізілді. Экспедиция барысында Жайық өзенінің жайылмасы, Сыған және Жемшін тауларындағы көктерек тоғайлары, «Дубрава» мемлекеттік табиғи қаумалы, Воровская сайы және өңірдің өзге де табиғи аумақтары зерттелді.

    Зерттеу нәтижесінде топырақ кенелерін анықтауға арналған 30-дан астам сынама жиналып, зерттеу нысандарына фототүсірілім жүргізілді. Сонымен қатар табиғи аумақтардың географиялық және флоралық сипаттамалары жасалды. Жиналған материалдар алдағы уақытта камералдық өңдеуден өткізіліп, ғылыми зерттеулерде пайдаланылатын болады.

    Бұл сапар халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытуға, тәжірибе алмасуға және биоалуантүрлілікті зерттеу бағытындағы бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз