Абай күні - ой мен руханиятқа арналған ерекше күн.
10 тамызда Қазақстанда Абай күнін атап өтеді. Бұл күн - ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасын ұлықтап, оның философиялық ойларын кейінгі ұрпаққа жеткізуге арналған.
Абайдың сөздері - бір дәуірдің ғана үні емес. Оның қара сөздерінде адамгершілік, білім, еңбек, мінез, ар-ұят пен ел болашағы туралы ойлар бүгін де өз маңызын жоғалтқан жоқ.
Осы айтулы күнге орай Махамбет университетінде Абайдың қара сөздерін оқу челленджі өтті.
