Жасанды интеллект - енді болашақтың емес, бүгінгі күннің мүмкіндігі. М. Өтемісов атындағы БҚУ-да AI Sana бағдарламасы аясында 8 800-ге жуық студент пен магистрант AI бағытында білім алып, 12 500-ден астам сертификат иеленді.
Бірақ басты нәтиже - цифрлар емес. Бастысы - білімнің идеяға, ал идеяның нақты жобаға айналуы.
Университет жастары цифрлық жобалар әзірлеп, стартаптар құрып, білім беру, IT, экология және цифрлық инфрақұрылым бағыттарында жаңа шешімдер ұсынып келеді.
Олардың қатарында:
- Makhambet Talapker AI - студенттерге арналған интеллектуалды көмекші;
- оқытушы ассистенті;
- Makhambet FaceID - биометриялық сәйкестендіру жүйесі;
- ғылыми гранттарды іздеу платформасы;
- цифрлық академиялық тәлімгер.
Біз болашақты күтпейміз. Біз оны бірге жасаудамыз.
