«Кітап оқитын ұлт»

    М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде «Кітап оқитын ұлт»республикалық кітап оқу марафоны аясында көрменің таныстырылымы өтті. Бұл - елімізде тұрақты кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға, сыни және аналитикалық ойлауды дамытуға, кітапты білім мен танымның маңызды көзі ретінде кеңінен насихаттауға бағытталған ауқымды ағартушылық жоба. Марафон 2026 жылғы қыркүйектен 2027 жылғы наурызға дейін жалғасады. Қатысушылар марафон барысында 15 кітап оқып, қорытынды кезеңге дейін бақ сынайды. Үздіктер республикалық деңгейде марапатталып, дипломдар мен арнайы сыйлықтарға ие болады. Бүгінде М.Өтемісов ат. БҚУ-дан 1500 адам марафонға тіркелген. Университетте таныстырылған көрме оқырмандарға жаңа кітаптармен танысып, өзіне қызықты бағытты таңдауға мүмкіндік береді.

     

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз