«Иванов оқулары – 2026» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

    2026 жылдың 24 қыркүйек күні Көрнекті ботаник-ғалымдар Есенбай Ағелеуұлы Ағелеуов, Анатолий Захарович Петренко және Гүлшекер Мырзаханқызы Молдашевалардың 90-жылдықтарына арналған «Жайық өзені алабы және іргелес аумақтардың экожүйелері: қазіргі жағдайы және сақтау стратегиялары» атты «Иванов оқулары – 2026» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы ұйымдастырылды. Ғылымға ғұмырын арнаған көрнекті ботаник-ғалымдарды еске алып, Жайық өзені алабы мен іргелес аумақтардың экожүйелерін сақтау жолдарын талқылау үшін жиналды. Конференцияның ғылыми бағыттары: 1.А.З.Петренко мен Е.А. Ағелеуовтың ғылыми мұрасы: жайылма экожүйелерінің биоалуантүрлілігі мен динамикасы. 2.Солтүстік Каспий маңының флорасы мен фаунасы: таксономиялық құрамы, сирек және эндемикалық түрлер. 3.Жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды ғылыми зерттеулерде және жаратылыстану пәндерін оқыту әдістемесінде қолдану.  Конференция жұмысына Қазақстан, АҚШ, Польша және Ресей Федерациясының ғалымдары, оқытушылары мен зерттеушілері қатысуда. Қазақстандық қатысушылар қатарында Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің (Астана), әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (Алматы), Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің (Қызылорда) және басқа да білім беру және ғылыми ұйымдардың өкілдері қатынасты. Сонымен қатар, биология ғылымдарының докторы, профессор Есенбай Ағелеуұлының отбасынан: ұлы - Ғалым Есенбайұлы; інісі Қуаныш Сүйеуұлы; қызы – Сұлушаш Есенбайқызы; немересі – Ақмаржан Қуанышқызы және Атырау облысынан Есенбай Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінен Мектеп  директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, химия және  биология пәні мұғалімі Садыкова Камшат Утепбергеновна мен әріптестер мектеп педагог мұғалімдері: Рамазанова Жанаргул Аманжанқызы, Досмағамбетова Құралай Жексенқызы, Амангосова Айжамал Ержановна, биология ғылымдарының кандидаты  Анатолий Захарович Петренконың ұлы Анатолий Анатолиович Петренко, немересі Анастасия Анатолиевна, Гүлшекер Мырзаханқызы Молдашеваның  отбасынан немерелері Шукурова Альмира Маркленқызы мен Рахимов Шүкір қатынасты. Онлайн форматта АҚШ-тың Дж. Вашингтон университеті профессоры Тара Скалли, АҚШ-тың Пейс университеті доценті Вэй Фан, РФ-нан Дала институтынан биология ғылымдарының кандидаты  Кин Наталья, Польшаның Ұлы Казимир университетінен  биология ғылымдарының докторы, профессор Павел Напиорковски мен биология ғылымдарының докторы, профессор Кристиан Оболевски қатынасты. Қазақстандық жоо-нан Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінен биология ғылымдарының докторы, профессор, Ибадуллаева Салтанат Жарылкасыновна, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Карагойшин Жасхайыр Мухангалиевич, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 2 курс докторанты Анатолий Райымбек Қайратұлы және факультеттің ардагер ұстаздары мен жас зерттеушілер қатынасты. Сонымен қатар, 25 қыркүйекте «Орал – Озерное – Брусянное – Орал» бағыты бойынша «Жайық өзенінің орта ағысындағы жайылма және көл экожүйелерінің қазіргі жағдайы»» тақырыбында жылжымалы семинар болады.

    Конференцияға қатысушылар төмендегі негізгі тұжырымдарды атап өтті: Солтүстік Каспий өңірінің биоалуантүрлілігінің стратегиялық маңыздылығы. Аталған өңір экологиялық тепе-теңдікті сақтауда, табиғи экожүйелердің тұрақтылығын қамтамасыз етуде және орнықты дамудың экологиялық негіздерін қалыптастыруда маңызды рөл атқаратын бірегей табиғи-географиялық аумақ болып табылады. Өңірдің биоалуантүрлілігіне антропогендік және табиғи факторлар әсерінен туындайтын қауіп-қатерлердің күшеюі. Атап айтқанда, шаруашылық қызметтің антропогендік қысымы, климаттың өзгеруі, қоршаған ортаның ластануы және басқа да экологиялық факторлар биологиялық алуантүрліліктің жай-күйіне және табиғи экожүйелердің тұрақтылығына елеулі әсер етуде. Солтүстік Каспий өңірінің биоалуантүрлілігін сақтау мәселелерін шешуге бағытталған кешенді тәсілдің қажеттілігі. Бұл ретте ғылыми-зерттеу ұйымдарының, мемлекеттік басқару органдарының, қоғамдық ұйымдардың және бизнес-құрылымдардың күш-жігерін шоғырландыру, ведомствоаралық және сектораралық ынтымақтастықты дамыту ерекше маңызға ие. Өңірлік ғылыми зерттеулерді жаһандық экологиялық үдерістер мен қазіргі заманғы сын-қатерлер контексінде қарастырудың маңыздылығы. Солтүстік Каспий өңіріндегі биоалуантүрліліктің өзгеру заңдылықтарын зерттеу жаһандық экологиялық проблемаларды ғылыми тұрғыдан түсіндірумен және оларды шешудің тиімді тетіктерін әзірлеумен өзара сабақтастықта жүзеге асырылуы тиіс.

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз