ChatGPT EDU: білім беру мен ғылымға жаңа мүмкіндіктер

    М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде ChatGPT EDU мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға арналған семинар өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі бөлген лицензиялар аясында жүзеге асырылып жатқан «ChatGPT EDU» жобасы шеңберінде ұйымдастырылды. Семинар спикері — «Bilim UpSkill» компаниясының AI-әдіскері және цифрлық педагогика маманы Абдулкарим Абдулрахманұлы. Кездесу барысында қатысушылар ChatGPT мүмкіндіктерімен танысып, жасанды интеллект құралдарын білім беру және кәсіби қызметте тиімді қолдану жолдарын қарастырды. Атап айтқанда, оқу материалдарын әзірлеу, күнделікті міндеттерді оңтайландыру және жұмыс тиімділігін арттыру мәселелеріне назар аударылды. Жасанды интеллект құралдарын меңгеру педагогтердің цифрлық құзыреттерін дамытуға және білім беру үдерісін жетілдіруге жаңа мүмкіндіктер ашады. БҚУ білім беру ортасына заманауи цифрлық технологияларды енгізу және жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз