Әріптесімізді құттықтаймыз !!!
Ұлттық жазылым аясында Clarivate Аnalitics халықаралық компаниясы онлайн форматта Web of Science ақпараттық-талдау платформасының құралдары бойынша сертификаттау бағдарламаларын өткізді. Сертификаттау бағдарламасы Web of Science негізгі ресурстарын пайдалану, сондай-ақ ғылымиметрикалық сауаттылық саласында сертификатталған мамандар мен сарапшыларды даярлауды қамтыды.Сертификаттау бағдарламасына М. Өтемісов атындағы БҚУ ғылыми кітапханасының қызметкері, ақпараттық – талдау ресурстарымен кәсіби жұмыс істейтін ГҮЛМИРА ИСАТАЙҚЫЗЫ ДЖАНБАЕВА қатысты.
Джанбаева Гульмира Исатайқызы Web of Science ақпараттық-талдамалық платформасы саласындағы сертификатталған сарапшы ретінде оқуды аяқтап, ерекше үлгідегі сертификатқа ие болды.