Ғылыми кітапхана қорына сыйға тартылды

        Ғылыми кітапхананың қоры Самат Бақытжанұлы Құрманалиннің сыйға тартқан «Кіші жүз және Есет Көтібарұлы бастаған ұлт – азаттық көтеріліс (1847-1858)»монографиясымен толықтырылды. Самат Бақытжанұлы Құрманалин тарих ғылымдарының кандидаты, доцент. Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университетінің профессоры, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері. 1994 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының тарих факультетін үздік дипломмен бітірген.Монографияда ХІХ ғасырдың 40-50 жылдарындағы патшалық Ресейдің отарлық саясатына қарсы шыққан қазақ жамағатының күресінің заңдылығы айқындала түседі. Біріңғай тарихи құбылыс болған,ХVIII ғасырдың ортасынан басталып, ХХ ғасырдың басына келіп тірелген, одан әрі «Алаш азаттығы» феноменін қалыптастырған, тіпті ХХ ғасырдың 20-шы жылдарының аяғынан 1986 жылға дейін созылған, осыншалықты ұзақ дәуірге жеткен азаттық күресінің тарихындағы атақты батыр, даңқты би Есет Көтібарұлы бастаған ұлттық қозғалыстың шежіресі баяндалады.Монографиямен оқу залдарында және БҚУ электронды кітапханасында цифрлық форматта танысуға болады.

     

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз