Міндетті жұмыс өтілімі мәселелерін НҚА негізінде түсіндіру

           2020 ж 25-қарашасы күні  М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқып жатқан бітіруші курс  (бакалавр)  студенттеріне Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында көрсетілген міндетті еңбек өтілімі бойынша ақпараттық-түсіндіру  жиналысы өтті.
         Кездесуде Басқарма төрағасының орынбасары, академиялық мәселелер жөніндегі проректор А.С Тасмагамбетов,  Қазақстан Республикасының Білім және ғылыми министрлігі «Қаржы орталығы» АҚ-ның  өкілетті өкілі Серікқалиқызы Ақзира, мансап және жұмысқа орналастыру орталығының өкілдері, бітіруші курс студенттері қатысты. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқыған түлектердің міндетті жұмыс өтілімі бойынша нормативтік құқықтық актілерге түсініктемелер берілді. Түлектер қаржы орталығының өкілінен өздерінің көкейлеріндегі сұрақтарға жауап алды.
             Ақпараттық-түсіндіру жиналысы ZOOM платформасында онлайн түрінде өтті.

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз