28.02.2020ж. БҚО экология департаментінің ұйымдастыруымен "Халықтың экологиялық санасын өзгертудегі қоғамның рөлі" тақырыбында экологиялық слет өтті. Слеттің мақсаты – ҚР Президенті Қ. К. Тоқаевтың "2020 жыл-еріктілер жылы" жариялауына сәйкес облыс тұрғындары арасында экологиялық сауаттылықты арттыру, еріктілер санын арттыру. Іс-шараға облыстық экологиялық департаментінің өкілдері, облыстық табиғат мұражайының қызметкерлері, табиғатқа бей-жай қарамайтын тұлғалар және қаланың волонтерлері сонымен қатар М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың аға оқытушысы, философия докторы (PhD) Р.Ж.Кожагалиева бастаған студенттер, магистранттар қатысты.
Біздің университет атынан 6М060800 "Экология" мамандығының II курс магистранты А. Беркалиева (жетекшісі б.ғ. д., профессор Дарбаева Т. Е.), 5В060800 "Экология" мамандығының IV курс студенті А. Кравченко (жетекшісі, а. ғ. к., доцент Чекалин С. Г.) баяндама жасады.
Іс-шара барысында БҚО аумағындағы екі қоқыс полигондарының(ҚТҚ) жай-күйі, біздің облыстың эндемигі ретінде еменнің таралуы туралы мәліметтер келтірілген. Антропогендік фактор есебінен соңғы 90 жылда климаттың өзгеруі байқалды.
Халықтың экологиялық сауаттылығын арттыру мақсатында осындай іс-шараларды тұрақты түрде өткізу қажет. Бұл экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және өскелең ұрпақты табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға тәрбиелеу.