Жыл сайынғы «Оқытудың инновациялық технологияларын енгізу» байқауының қорытындысы шығарылды

    «Оқытудың инновациялық технологияларын енгізу» байқауы жыл сайын ІІ кезеңде, I кезең – факультетте, II кезең – университетте өткізіледі. 2020-2021 оқу жылында байқаудың I кезеңіне 24 инновациялық жоба ұсынылды. Байқаудың I кезеңінің қорытындысы бойынша II кезеңге 13 жұмыс жолданды.

    2021 жылдың 15-16 сәуір күндері М.Өтемісов атындағы БҚУ профессор-оқытушылар құрамы арасында инновациялық жобалар байқауының II кезеңі өткізілді. Комиссия мүшелері  жобаларды келесі критерийлер бойынша бағалады:

    • жобаның мақсат-міндетінің нақтылығы;
    • жобаның ғылыми жаңашылдығы;
    • инновациялық өнімнің, жоба қорытындысының шынайлығы мен дәлдігін анықтау;
    • оқытудың инновациялық технологиясының әдістемелік қамтамасыз етілуінің сапасы;
    • оқу үрдісіне инновациялық технологияны енгізу деңгейі (инновациялық технологиямен қамтылған оқу сабақтарының түрлері);
    • инновациялық технологияны қолдану барысында студенттердің білім сапасының артуы;
    • жаңартылған білім мазмұны аясында инновациялық және қашықтықтан оқыту технологияларын оқу сабақтарында қолдана алуы.

    Байқау қорытындысы және комиссия шешімі бойынша 13 жобаның ішінен үздік 6 жоба анықталды, олар I, II, III дәрежелі дипломдармен және ақшалай сыйақымен марапатталды:

    • I дәрежелі диплом: биология және экология кафедрасының аға оқытушысы Бохорова Cветлана Николаевна«Применение сайта Padlet для дистанционного обучения»;
    • II дәрежелі диплом: химия кафедрасының доценті Сдикова Гулия Жумгатиевна «Новые технологии в преподавании химических дисциплин»
    • II дәрежелі диплом: педагогика және психология кафедрасының  аға оқытушысы Калаханова Светлана Бактыбаевна «ЖОО оқу үдерісінде Padlet виртуалды тақтасын қолдану мүмкіндіктері»;
    • III дәрежелі диплом: экономика және менеджмент кафедрасының доценті Сулейменова Гулнар Наухановна, «Экономика» білім беру бағдарламасының магистранты Сағынов Али «Цифрлық технология: тиімді оқытудың кешенді әдістері»;
    • III дәрежелі диплом: бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының оқытушысы Есенгалиева Алия Каниденовна «Дәстүрлі көркем тоқыма өнер әдісін әйел адам киімін жобалауда қолдану»
    • III дәрежелі диплом: мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының аға оқытушысы мен оқытушысы Федорченко Лариса Александровна, Мухиева Гульмира Сейтмуханбетовна «Использование Coogle приложения: таблиц, документов, презентаций в образовательном процессе ВУЗа». 

    Байқаудың қорытынды кезеңінің 7 қатысушысына алғыс хат табыс етілді:

    1. физика кафедрасының оқытушысы Есенгалиева Алмагул Насипкалиевна «Қашықтықтан оқыту жағдайында астрономия пәнін оқытудың технологиясы»
    2. математика кафедрасының оқытушысы Жәшім Нұрпатша Бекболатқызы «Kahoot цифрлық Smart сервисін математика пәнін оқытуда қолдану тиімділігі»
    3. шетел тілдері кафедрасының оқытушысы Сисекешова Акнур Сансызбаевна «Шетел тілін оқытуда «Google Zoom» платформаларын қолдану»
    4. экономика және менеджмент кафедрасының аға оқытушысы Буланова Надежда Константиновна «Методика инклюзивного образования студентов по дисциплине инфраструктура туризма и внедрение модели «Train-the-trainer»»
    5. музыкалық білім және вокал кафедрасының оқытушысы Елемесов Жеңісбек Асылжанұлы «Современное музыкальное образование: инновации – работа с нотными редакторами»
    6. қазақ филологиясы кафедрасының оқытушысы Сагидуллиева Сандугаш Саматовна ««Синквейн» әдісі арқылы кері байланыс негізінде студенттердің сыни ойлау дағдысын дамыту»»
    7. хореография және мәдени-тынығу кафедрасының оқытушысы Насырова Мирамгул Аязбаевна «Ақпараттық сауаттылық мектебі»

    Байқауға қатысушылардың барлығының жұмыстары «Озық педагогикалық тәжірибе мектебі» жинағында жарияланады.

     

    Жаңартпашылық технологиялар және цифрландыру департаментінің

    әдістемелік жұмыс және білім беру технологиялары бөлімі 

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз