Түлектерді жұмыспен қамтудың тиімді жолдарын айқындау және пікір алмасу мақсатында 05.05.2021 ж. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде онлайн форматта ZOOM платформасында «Жас мамандарды жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша жоғары оқу орны мен жұмыс берушілерді интеграциялау туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел бағдарламасы
- Алғы сөз - Н.Х. Серғалиев, М.Өтемісов атындағы БҚУ Басқарма Төреғасы- ректордың м.а., б.ғ.к., профессор Н.Х.Сергалиев
- Түлектердің жұмысқа орналасуы және мамандарды даярлаудың сапасын бағалау – А.Ж.Султангужиева, М.Өтемісов атындағы БҚУ Мансап және жұмысқа орналастыру орталығының жетекшісі
- Білім беру бағдарламаларын құрастыру және жетілдіру – Б.Ж.Джангазиева, М.Өтемісов атындағы БҚУ білім беру бағдарламаларын жобалау кеңсесінің жетекшісі
- Жаратылыстану-география факультетінің білім бағдарламаларын құрудағы байланыс - Кержикова Ф.Г., МКК Облыстық экология-биологиялық орталығы, БҚО бөлімінің директоры
- Адами капиталдың дамуы –А.К.Абулкаирова, БҚО кәсіпкерлер Палатасының адами капиталдың дамуы бөлімінің жетекшісі.
Кездесуге БҚО-ның білім басқармасы, облыстық экологиялық-биологиялық орталығы, Жайық Пресс ЖШС, БҚ ЭТК, БҚО бойынша «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, Д.Нұрпейсова атындағы №1 музыкалық мектеп, «Өрлеу» ұлттық қайта даярлау орталығы, №1 балалар мен жасөспірімдерге арналған олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектебі және т.б. ұйымдар өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел барысында жоғары білімді бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау мәселелесі, олардың одан әрі жұмысқа орналасуы, білім сапасын көтеру және түлектердің кәсіби қасиеттерін дамыту, сондай-ақ университет пен жұмыс берушілер арасындағы серіктестікті одан әрі нығайту мәселелереі кеңінен қарастырылды. Оқытудың дуальды форматы элементтерін енгізудің тиімділігі, жас мамандарды қолдаудағы әлеуметтік саясат мәселелері қарастырылды.
Аталған мәселелерді талдауда №42 «Ақниет» мектеп гимназиясының директоры Е.Ж.Темірғалиев., Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры А.Т. Айтпукешев, «БҚ ЭТК» АҚ Жоспарлау және баға белгілеу бөлімінің басшысы Ж.Н.Қартмамбетова, БҚО кәсіпкерлер Палатасының адами капиталдың дамуы бөлімінің жетекшісі А.К.Абулкаирова және т.б. белсенділік танытты.
Дөңгелек үстел қорытындысында қарар шығарылды:
- М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті мен жұмыс берушілер арасындағы өңірдегі мамандарды дайындауды жетілдіру шараларын кеңейту
- Білім беру бағдарламаларын әзірлеу және оңтайландыру, оның нәтижелері мен болашақ мамандардың құзыреттілігін анықтау бойынша бірлескен жұмыс жүргізу.
- Элективті пәндер каталогын қалыптастыруға жұмыс берушілердің қатысуын қамтамасыз ету.
- Практикаға бағытталған оқытуды кеңейту мақсатында жұмыс берушілермен бірлесіп дуальді білім беру жүйесін дамыту.
- Практикаға бағытталған оқыту қағидаттарын ескере отырып, өндірістегі білім алушылардың практикасын ұйымдастырудың нысандары мен мазмұнын жетілдіру.
- Жекелеген арнайы пәндер бойынша сабақтар өткізу үшін өндірістен тәжірибелі практиктерді тарту, сондай-ақ оқу-әдістемелік материалдарды бірлесіп дайындау жөніндегі жұмысты кеңейту.
- Өңір үшін кадрлар даярлау мәселелері бойынша ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастыру.
- Түлектермен және жұмыс берушілермен "кері байланысты" ұйымдастыру.