2021 ж. 20-мамыр күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқып жатқан бітіруші курс бакалавр түлектеріне Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында көрсетілген міндетті еңбек өтілімі бойынша ақпараттық-түсіндіру жиналысы өтті.
Кездесуде Басқарма төрағасының орынбасары, академиялық мәселелер жөніндегі проректор А.С Тасмагамбетов, Қазақстан Республикасының Білім және ғылыми министрлігі «Қаржы орталығы» АҚ-ның өкілі Серікқалиқызы Ақзира, мансап және жұмысқа орналастыру орталығының өкілдері, бітіруші курс бакалавриат студенттері қатысты. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқыған түлектердің міндетті жұмыс өтілімі бойынша нормативтік құқықтық актілерге түсініктемелер берілді. Түлектер қаржы орталығының өкілінен өздерінің көкейлеріндегі сұрақтарға жауап алды.
Ақпараттық-түсіндіру жиналысы ZOOM платформасында онлайн түрінде өтті.