Серікбол Қондыбай (1968-2004) 14наурызда Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық кентінде дүниеге келген. 1991 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің География факультетін геоморфолог мамандығы бойынша бітірген. Қамшының сабындай қысқа ғұмырында қазақтың тарихын, мәдениетін, салт- санасын жаңғыртуға арнап, сүбелі үлес қосқан және түбегейлі зерттеуде зор еңбек еткен қазақтың өлкетанушы, географ, публицист, этнограф- ғалымы. Тарих, фольклор, география, лингвистика материалдарын мифологиялық реконструкция тоғысында ұштастыра отырып, тарихи- географиялық, мәдени- танымдық, т. б мәселелерімен айналысқан. 80- нен аса ғылыми көпшілік мақалалар жазған. "Арғықазақ мифологиясы" 4 кітабы, Толық шығармалар жинағы. 1- том Қазақ мифологиясына кіріспе, 2- том Қазақ даласы және герман тәңірлері- Казахская степь и германские боги. "Есен- қазақ"," Казахская мифология" краткий словарь.
Серікбол Қондыбайдың рухани мұрасын жастар арасында, оқырман қауымына насихаттау мақсатында "Ғаламдық мифологияның феномені" атты библиографиялық шолу ұсынамыз.