«КАЗАЭРОНАВИГАЦИЯ» РМК өкілдерімен кездесу

    2021 жылдың 20 қазанында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде «КАЗАЭРОНАВИГАЦИЯ» РМК өкілдерімен 3, 4 курс студенттері және өткен жылғы түлектердің қатысуымен кездесу өткізілді. Кездесу студенттерге, түлектерге кәсіптік бағдар беру, сондай-ақ ұйымдағы оқыту мен одан әрі жұмысқа орналасу мәселелерін түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды.

    «Казаэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорны - Қазақстан Республикасындағы аэронавигациялық қызмет көрсететін ірі кәсіпорын. Кәсіпорынның мақсаты - Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдаланушылардың аэронавигациялық қызметтерге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру және азаматтық авиация өнеркәсібінің авиациялық кадрларды даярлау мен медициналық қамтамасыз етудегі қажеттіліктерін қанағаттандыру. Миссиясы - аймақтағы авиация мамандарының біліктілігін арттырудың бірыңғай жүйесі.

    Жүргізуші: Айгүл Жаксыбайқызы Султангужиева – М. Өтемісов атындағы БҚУ Мансап және жұмыс орналастыру  орталығының жетекшісі

    Жиналыс спикерлері:

    ОмароваГүлназАрыстанқызы - «Казаэронавигация» РМКорталықаппаратының персоналды оқытуды ұйымдастырубөлімінің басшысы, Нұр–Сұлтан қ.

    Сүлейменов Ақжігіт Есенәліұлы - «Казаэронавигация» РМК Орал қалалық филиалының директоры

    Маяшев Артур Ерланұлы – Орал қалалық филиалының диспетчері   

    Кездесу барысында студенттер мен түлектер өздерін толғандырған сауалдарға жауап тауып, сұранысқа ие салаға өз қызығушылықтарын танытты.

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз