2021-2022 оқу жылында Академиялық қызмет департаменті университет ПОҚ үшін оқыту семинарларын ұйымдастыруды жалғастыруда. 3 қараша күні жас оқытушыларды нормативтік-құқықтық актілермен таныстыру мақсатында онлайн форматта семинар өткізілді. Семинар барысында пәндердің силлабустарын құрастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар және оқытушының электрондық жеке журналын толтыру бойынша нұсқаулар берілді.


