«Педагогикалық білім беруді жаңғырту» жобасы

    М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің командасы 21 ақпан – 4 наурыз аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігі, Дүниежүзілік банк және Финляндияның НАМК университеті ұйымдастырған «Педагогикалық білім беруді жаңғырту» жобасының кезекті кезеңіне қатысты. Жобаны іске асыруға НАМК, JAMK университетінің, Назарбаев университетінің және Қазақстан ЖОО-ның ПОҚ өкілдері қатысады.

    Жобаның мақсаты педагогикалық білім берудің жақсартылған моделін және «Педагогикалық ғылымдар» бағыты бойынша жаңа/инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлеу болып табылады.

    Университет командасы «Биология», «Химия», «Жаратылыстану» білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша көшбасшы-жоғары оқу орны болып табылады, сондай-ақ «Физика», «Информатика», «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі», «Музыкалық білім беру» білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысады.

    Сондай-ақ, команда «ЖОО мен мектептер арасындағы ынтымақтастық» тақырыбында пилоттық жобаны дайындап жүзеге асыруда.

    Екі апталық бағдарламаға қатысу барысында инклюзивті білім беру, оқытудағы жеке қажеттіліктерді қолдау, педагогикалық білім берудің жүйелі бағдарламаларын әзірлеу, білім алушылардың кәсіби және педагогикалық құзыреттері, оқыту үдерісіндегі зерттеудің рөлі және т.б. мәселелер талқыланды.

    Семинарларда Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының директоры Е.Молдакасимовпен, Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебінің кәсіби даму бағдарламаларының директоры Ж.Жонтаевамен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің білім беру бағдарламаларын бекіту процесі және Болон процесі мен академиялық ұтқырлық орталығының тізіліміне білім беру бағдарламаларын енгізу, жаңарту рәсімдері мәселелері бойынша кездесулер өткізілді.

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз