Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция

    «Заманауи білім беру: жаңа уақыт – жаңа көзқарас»

    2022 жылы 30 наурызда «Педагогикалық білім беру потенциалын күшейту» жобасы шеңберінде жоғары оқу орындары мен мектептер арасындағы ынтымақтастықты жетілдіру мақсатында «Заманауи білім беру: жаңа уақыт – жаңа көзқарас» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференцияға Батыс Қазақстан облысының, сондай-ақ Талдықорған, Алматы, Нұр-Сұлтан, Қызылорда, Қаскелең, Павлодар қалаларынан мектеп мұғалімдері, ЖОО, колледж оқытушылары, магистранттар, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері, мұғалім-логопедтер қатысты.  

    Конференцияда келесі бағыттар бойынша негізгі мәселелер қарастырылды: білім беру ортасындағы заманауи педагогикалық технологиялар; инклюзивті білім беру; цифрлық білім беру ортасы; білім алушылардың ғылыми-зерттеу қызметі. 90-нан астам мақала жинақталды. Конференцияның пленарлық отырысында п.ғ.к., деңгейлік бағдарламалар тренері, БҚО Орал қаласының  «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ ПШО директоры Обыденкина Л.В.;  п.ғ.к., Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Габдрахманова Ш.Т.; б. ғ. к., М.Өтемісов атындағы БҚУ академиялық қызмет департаментінің директоры Кайсагалиева Г.С.; М.Өтемісов атындағы БҚУ білім беру бағдарламаларының жобалық кеңсесінің жетекшісі Джангазиева Б.Ж.; Орал қаласының дарынды балаларға арналған №8 облыстық мамандандырылған мектеп директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Шакаева Д.Ж.; Орал қаласы № 12 ЖББМ жоғары санатты орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Наугольнова М.П.;  магистр, М. Өтемісов атындағы  БҚУ «Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру» кафедрасының оқытушысы Мақсотова Т.Т.; жоғары санатты мұғалім – логопед, Орал қаласы №39 ЖББМ КММ педагог-зерттеушісі Лагуточкина В.А.  сөз сөйледі. «21 ғасырдағы білім. Жаңартудың үш дискурсы»; «Кәсіби траекторияны басқару мен дамытудың заманауи тәсілдері»; «Қазақстандағы педагогикалық білім беруді жаңғырту жобасы туралы»; «Финляндиядағы педагогикалық білім»; «Бейіндік оқытуды жүзеге асыру траекториясы: тәжірибе және практика» «Қазақстандағы қазіргі білім беру жағдайында мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау жүйесін ұйымдастыру» және т.б.

    Конференция қатысушылары баяндамашыларға сұрақтар қойды. Конференция қорытындысы бойынша өзекті мәселелер талқыланып, баяндамашылар ынтымақтастықты жүзеге асыруға ниет білдірді. Конференция жоғары деңгейде өтті.

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз