2022 ж 12-мамыр күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқып жатқан бітіруші курс бакалавр түлектеріне Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында көрсетілген міндетті еңбек өтілімі бойынша ақпараттық-түсіндіру жиналысы өтті.
Кездесуде Басқарма төрағасының орынбасары, академиялық мәселелер жөніндегі проректор А.С Тасмагамбетов, Қазақстан Республикасының Білім және ғылыми министрлігі «Қаржы орталығы» АҚ-ның өкілетті өкілі Байсеркешева Мария Сагитжановна, мансап және жұмысқа орналастыру орталығының өкілдері, бітіруші курс түлектері қатысты. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқыған түлектердің міндетті жұмыс өтілімі бойынша нормативтік құқықтық актілерге түсініктемелер берілді. Түлектер қаржы орталығының өкілінен өздерінің көкейлеріндегі сұрақтарға жауап алды.
Ақпараттық-түсіндіру жиналысы https://meet.google.com/uan-sxom-hmf платформасында онлайн түрінде өтті.