Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ақпараттық-түсіндіру шарасы ұйымдастырылды.
2022 жылдың 31 мамыр күнінде Информатика кафедрасының ұйымдастыруымен 1,2 курс студенттеріне Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ақпараттық-түсіндіру шарасы ұйымдастырылды. Шараға университетіміздің тәрбие бөлімінің жетекшісі, жастар ісі жөніндегі комитеттің аға консультанты Ешимова Жанбота, топ кураторлары қатысты.
Жанбота 18 жасқа толған азамат, азаматшаларға референдумға қалай қатысатынын, қалай дауыс беру ережелерімен ақпараттандырылды. Алдағы референдумның маңызына жеке-жеке тоқталып, референдумға белсенді қатысуға шақырды.
Информатика кафедрасының
тәрбие жұмысының аға кураторы Б.С. Насырова