Бейресми білім беруді «Білім туралы» Заңның 37-бабына сәйкес М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің Біліктілікті арттыру және қайта даярлау орталығы жүзеге асырады.
Бейресми білім берудің мақсаты – білім беру қызметтерін жүзеге асыру үшін жағдай жасау және адамның біліктілікті арттыру және жаңа білім мен технологияларды меңгерудегі жан-жақты қажеттіліктерін қамтамасыз ету, жастардың, ересектердің және қарттардың жеке және кәсіби құзыреттіліктерін меңгеруіне мүмкіндіктер беру.
Бейресми білім берудің міндеттері:
1) қалыптасқан «түпкілікті білім беру «тұжырымдамасынан» өмір бойы үздіксіз білім беру» тұжырымдамасына көшу;
2) ересектерге олардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында білім беру сипатындағы қызметтер көрсету;
3) ересектерге қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын, жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыру;
4) бұрын алған кәсіптік білімдерін, машықтары мен дағдыларын қолдау, кеңейту, тереңдету және жетілдіру үшін азаматтардың біліктілігін арттыру болып табылады;
5) білім алудың ыңғайлы, икемді, дербестендірілген бағыттарын қалыптастыру.
Бейресми білім беруді ұйымдастыру нысандары:
онлайн курстар, мастер-класстар, тренингтер, семинарлар, вебинарлар.
Бейресми білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін келесі құжаттар ұсынылады:
1) нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
Біліктілікті арттыру және қайта даярлау орталығы оқуды аяқтағаннан кейін үш күн ішінде білім алушыға оқыту нәтижелерін растайтын Сертификат береді.