«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы - 2022»

    М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауы 01-15 қараша аралығында 2022ж. өткізіледі

    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы «16» мамырдағы № 124 бұйрығымен бекітілген «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген.

     Педагогикалық және ғылыми қызметте жоғары жетістіктері бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының оқытушыларына оларды көтермелеу және қолдау мақсатында «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру тәртібін айқындайды.

    Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

    1) Конкурстың қатысушысы – Конкурсқа қатысу үшін құжаттарын осы Қағидаларға сәйкес ұсынған ЖОО-ның штаттағы оқытушысы;

    2) республикалық конкурстық комиссия – «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру үшін білім беру саласындағы уәкілетті орган құратын комиссия.

    Атақ бір адамға келесі он жыл ішінде бір реттен артық берілмейді.

     

    Байқаудың толық ережесімен толық танысу үшін: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500010506

    Өтінім беру үшін сайт:  https://universitycontest2022.iac.kz/

    «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру тәртібі

    «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру конкурсына мынадай талаптарға сай келетін Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады:

    ЖОО-ның штаттық оқытушылары болып табылатындар;

    Конкурсқа құжаттарын тапсыру сәтінде кемінде бес жыл үзіліссіз ғылыми-педагогикалық өтілі барлар.

    Конкурс жыл сайын екі кезеңде өткізіледі – ЖОО ішінде және республикалық.

    Конкурстың I кезеңі – ЖОО ішінде, жыл сайын қараша айының 01-15 арасында өткізіледі.

    Байқаудың II кезеңі 2022 жылдың 17 қарашасынан басталып, 2022 жылдың 3 желтоқсанына дейін жалғасады.

     Конкурстың I кезеңіне қатысу үшін штаттық оқытушылар қатарынан үміткерлер ағымдағы жылғы қараша айында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – БҒМ АЖ) арқылы немесе қағаз тасығышта келесі конкурстық құжаттамаларын жібереді:

    1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағын беру конкурсына қатысу бойынша үлгідегі өтінім;

    2) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес мәліметтер;

    3) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес жылдық жұмыс жоспар-кестесі;

    4) кадрларды есепке алу жеке іс парағы;

    5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

     

    ЖООҮО ЖЖООКББҰ комиссиясы отырысының хаттамасы

    Loading...

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз