ЖИТС - XXI ғасыр індеті

    «Ұлт денсаулығы - біздің табысты
    болашағымыздың негізі»

    Нұрсұлтан Назарбаев.

    30 қараша күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің физика-математика факультеті, информатика кафедрасының 1 курс ИС-11, ВТиПО-11 және ВТиПО-12 топтарының студенттері және топ кураторы Ерманова М.Қ. ұйымдастырылуымен 1 желтоқсан - дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай «ЖИТС - ХХІ ғасыр індеті» атты  ашық кураторлық сағаты өтті.

    Кураторлық сағаттың мақсаты адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі СПИД дертінің алдын алу, оның жұғу жолдарын, одан сақтану, қорғана білу туралы түсіндіру, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

    Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев  «Ұлт денсаулығы - біздің табысты болашағымыздың негізі» деп өздеріңізге белгілі еліміздің дамыуының ұзақ мерзімді «Қазақстан-2030» стратегиясында халық денсаулығын сақтауды басты бағдар ретінде қарастырған, яғни мемлекеттің бірінші кезектегі атқаратын шараларының бірі - халық денсаулығын нығайту.

    Кураторлық сағатқа қатысқан қонағымыз «Батыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының» профилактикалық бөлімінің меңгерушісі, дәрігер-эпидемиолог Эльвира Акылбековна Хафизова студенттерге ЖИТС-тің шығу тарихы жөнінде, жалпы аурудың белгілері, таралу жолдары жайлы ақпаратпен таныстырып, ақпараттық видеоларын көрсетті.

    Шара әрі қарай студенттердің дайындаған видеосын тамашалаумен жалғасты. Осы індетке шалдыққан адамдарды қолдау мақсатында төсбелгілерін ағаш діңгегіне бекітіп, ілді.

    Кураторлық сағатымыздың қонақтары физика-математика факультетінің тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары Иксебаева Жанна Сагинтаевна, информатика кафедрасының оқытушылары Насырова Бұлбұл Сагингалиевна, Дошева Гулжихан Абухановна, Амантурлина Гүлмира Қалдановна болды.

    Кураторлық сағат мақсатына жетіп, студенттер қатерлі дерттің алдын алу жолдарын біліп, салауатты өмір салтын ұстанудың маңызын ұғынды.

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз