Қысқы мектептің екінші аптасы «Факультеттерде әдістемелік апталықты ұйымдастыру және өткізу ерекшеліктері» тақырыбында оқытудан басталды. Оқытудың мақсаты университетте оқу-әдістемелік жұмыстарды жетілдіру және білім беру процесінің сапасын арттыру болып табылады. Оқу барысында әдістемелік апталықты ұйымдастырудың міндеттері мен тәртібі, дәрістер мен іс-шараларды өткізудің әр түрлі нысандары қарастырылды. Әдістемелік апталықтарды ұйымдастыру және өткізу бойынша ұсыныстар берілді.
Оқытуға декандардың оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарлары мен оқытушылар қатысты.