Педагогикалық білім беруді жаңғырту

    9-13 қаңтар аралығында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде Қысқы мектеп аясында «Педагогикалық білім беру әлеуетін күшейту» тақырыбындағы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің жобасын енгізу және ауқымын кеңейту мақсатында профессор-оқытушылар құрамы үшін біліктілікті арттыру курсы өткізілді.

    Жоба Финляндия HAMK, JAMK университеттерінің негізгі сарапшыларының басшылығымен, Назарбаев Университетінің сарапшыларының қатысуымен жүзеге асырылуда. Жобаны жүзеге асыруға Қазақстанның 17 жоғары оқу орнынан педагогикалық әзірлеушілер қатысуда.

    Жобаның негізгі мақсаты бакалавриат пен магистратураның жаңа 30 білім беру бағдарламасын әзірлеу болып табылады.

    М. Өтемісов атындағы БҚУ командасы бұл жобада көшбасшы жоғары оқу орны ретінде «Биология», «Химия», «Жаратылыстану» білім беру бағдарламаларын даярлады; топ мүшелері «Физика», «Информатика», «Цифрлық педагогика» (магистратура), «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «Музыкалық білім беру», «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысты.

    Бір апта бойы оқытушылар педагогикалық білім беру трендтерін талқылады, білім беру бағдарламалары мен пәндер силлабустарын даярлаудың студентке бағдарланған және құзыреттілік тәсілдерінің негізгі қағидаттарын зерделеді, оқыту мен бағалаудың тиімді әдістерін қолдану, білім алушылардың әртүрлілігі мен инклюзивтілігін ескере отырып, білім беру ортасын жобалау бойынша тәжірибе алмасты.

    Курс соңында жаңа білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру үшін профессор-оқытушылар құрамын қолдау бойынша іс шаралар жоспары әзірленді.

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз