9-20 қаңтар аралығында М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде оқытушылар мен қызметкерлерге арналған қысқы мектеп ұйыдастырылды.
Қысқы мектеп Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Педагогикалық білім беру әлеуетін күшейту» жобасының ауқымын кеңейту мақсатында білім беру бағдарламаларының жетекшілері мен әзірлеушілерін, академиялық комитеттердің мүшелерін оқытуға және университетте оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми жұмысты ұйымдастыруға арналды.
Пікір алмасу алаңында факультеттерде әдістемелік апталықты ұйымдастыру және өткізу, ПОҚ-тың ғылыми-зерттеу жұмыстары, РОӘК грифімен оқу, оқу-әдістемелік әдебиеттерді дайындау сапасы, ЖАОК әзірлеу және енгізу туралы, университеттің нормативтік-құқықтық құжаттарындағы өзгерістер туралы мәселелер қаралды. Сонымен қатар PhD докторы 2022 жылдың жоғары оқу орнының үздік оқытушысы К.Р. Қажымова осы конкурсқа дайындық және қатысу тәжірибесімен бөлісті, педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы Н.Е. Мұқанова мен бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының оқытушысы Ж.Н. Пазылшанова «Оқытудың инновациялық технологияларын енгізу» байқауына қатысу тәжірибесінен шеберлік-сыныбын өткізді.
Өткізілген іс-шаралар барысында қатысушылар белсенділік танытып, сұрақтар қойып, ұсынылған тақырыптарды талқылап, тәжірибелерімен бөлісті.
Қысқы мектеп – білімді, практикалық және коммуникативтік құзыреттілікті жетілдірудің ең жақсы мүмкіндігі.