«Әлемді бейнелеген нақты ғылымдар» интеллектуалды сайыс

    4-сәуір күні М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің физика - математика факультетінде ұйымдастырылған "ЖОО мен мектепте физика, математика және информатиканы оқытудың теориясы мен практикасының өзекті мәселелері" атты әдістемелік апталығына орай оздырылған "Әлемді бейнелеген нақты ғылымдар" интеллектуалды сайысы өткізілді.

    Сайысқа математика, физика және информатика кафедрасынан үш топ қатысты.«Математика» тобының қатысушылары: Халиматова Альбина, Қайырболат Бекзада, Шайдуллина Диана. «Физика» тобының қатысушылары: Әбен Салима, Бисенғали Саябек, Мажидуллин Нұрбек. «Информатика» тобының қатысушылары: Шекпенов Бекзат, Траисов Нұрқанат, Акбулатов Дулат. Әділ қазылар алқасы физика – математика факультетінің деканы, саясаттану ғылымдарының кандидаты Абулкасова Дина Бакытжановна, физика – математика факультетінің декан орынбасары, аға оқытушы Искалиева Айжан Урынгалиевна, математика кафедрасының меңгерушісі, аға оқытушы Маутеева Самал Махамбетовна болды.

    Интеллектуалды сайыс 4 кезеңнен тұрды.Бірінші тур: «Тез ойлан»әр топқа логикалық сұрақтар қойылды. Үш ұяшық болады әр топ жеребе арқылы ұяшықты таңдады, әр ұяшықта алты сұрақтан қойылды. Дұрыс жауапқа 10 баллдан берілді. Екінші тур: «Ұяшық таңдау» бұл турда тоғыз ұяшық болды он, жиырма, отыз ұпайдан тұратын, әр топ өзі таңдаған сұраққа жауап берді. Үшініш тур: «Кім жылдам» Kahoot қосымшасы арқылы болды. Төртінші тур: «Капитандар сайысына» бес сұрақтан қойылды.

    Сайыс өте қызықты, кәсіби деңгейде өтті. Логикалық, математикалық, физикалық, информатикалық, ғарыш әлеміне қатысты сұрақтар қойылды. Студенттер белсене қатысып, қызыққа толы сайыс болды. Сайыс қортындысы бойынша «Информатика» тобы 1-дәрежелі, «Математика» тобы 2-дәределі, «Физика» тобы 3-дәрежелі дипломмен марапатталды.

    Шара соңында факультет деканы Д.Б. Абулкасова, С.М. Маутеева сөз сөйлеп сайысқа қатысқан студенттерге, ұйымдастырған оқытушы Г.А. Узакбаеваға, МФ-21, МИ-21 топ студенттеріне алғысын білдірді. Сонымен қатар сайыс жоғары деңгейдегі дайындықпен өткеніне тоқталып, студенттерге берері мен үйретері көп тартысты сайыс болғанын атап өтті.

    Математика кафедрасының оқытушысы: Г.А. Узакбаева

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз