В013 – білім беру бағдарламаларының тобы бойынша Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы XV Республикалық студенттік пәндік олимпиадасына ПРЕСС-РЕЛИЗ
2023 жылдың 13-14 сәуірінде М.Өтемісов атындағы БҚУ-нің «Биология және экология» кафедрасының ұйымдастыруымен В013 – білім беру бағдарламаларының тобы бойынша Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы XV Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы өтті.
Олимпиада мақсаты: болашақ мамандарды одан әрі ғылыми қызметке тарту және еліміздің ғылыми әлеуетін кеңейту үшін олардың құзыреттіліктерінің қалыптасу және даму деңгейін анықтау болып табылады.
Олимпиаданың негізгі міндеттері:
- білім алушылардың оқу-танымдық және оқу-зерттеу қызметін ынталандыру;
- студенттердің кәсіби және тұлғалық мүмкіндіктерін, олардың өзіндік санасын, шығармашылық қабілеттерін ашу, өзін - өзі жүзеге асыру және өзін - өзі бекіту үшін жағдай жасау;
- ең дарынды студенттерді іріктеу және қолдау.
Олимпиаданың ашылу салтанаты Басқарма төрағасы орынбасарының – ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректордың м.а., география ғылымдарының кандидаты, профессор Қ.М.Ахмеденовтың құттықтау сөзімен басталды. Олимпиаданың өткізілуіне төмендегідей әділқазы мүшелері бекітілді:
Әділқазы төрайымы: б.ғ.д., профессор Дарбаева Т.Е.
Мүшелері: б.ғ.к., қауымдастырылған профессор Утаубаева А.У., аға оқытушы Болатова Қ.Б., аға оқытушы, магистр Джангазиева Б.Ж., аға оқытушы, магистр Мамышева М.В., Х.Досмухамедов атындағы Атырау университетінің қауымдастырылған профессоры, б.ғ.к. Бисенов У.К.
Тәуелсіз сарапшы: Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасының Орал қаласының білім беру бөлімі ММ-нің әдіскері Кажгалиева С.Ж.
Олимпиадаға Қазақстанның 15 университетінен 30 студент қатысты.
Олимпиада құрылымы теориялық сұрақтардан және практикалық тапсырмалардан тұрды. Теориялық сұрақтар мен практикалық тапсырмалар биологияның негізгі бөлімдері бойынша құрастырылды. Теориялық тур сұрақтары «Адам анатомиясы және физиологиясы», «Генетика», «Молекулярлық биология», «Ботаника және Зоология», «Өсімдіктер физиологиясы», «Биохимия», «Эволюция» және т.б. пәндерді қамтыды. Практикалық тур тапсырмалары «Омыртқалы және омыртқасыздар зоологиясы» бойынша тұлыптар мен ылғалды препараттарды анықтап сипаттау, «Ботаника» бойынша кеппешөптің атауын көрсетіп, жүйелеу, сипаттау, «Адам анатомиясы» бойынша қаңқа сүйектерінің атауын атап, құрылысы, қызметі мен байланыстарын жазу тәрізді тапсырмалар берілді.
Олимпиадаға қатысушылар биологияның негізгі бөлімдері бойынша өз білімдерін жеткілікті дәрежеде көрсете алды. Жеке және командалық орындар төмендегідей болып анықталды.
Жеке орындардар бойынша:
1 орын: Миралы Жанна Бақтиярқызы - Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті.
2 орын: Сенбаева Ханшайым Серікқызы - М.Өтемісов атындағы БҚУ.
3 орын: Байбулатов Дархан Кайратович - А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті.
Командалық орындар бойынша:
1 орын: М.Өтемісов атындағы БҚУ - Ғатау Айсана Қалиоллақызы; Сенбаева Ханшайым Серікқызы.
2 орын: А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті - Приезжих Юлия Викторовна; Байбулатов Дархан Кайратович.
2 орын: Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті - Гельдт Виктория Викторовна; Гильманова Аида Маликовна.
3 орын: Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті - Миралы Жанна Бақтиярқызы; Айтбек Талшын Ануарбекызы.
3 орын: Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университеті - Арсланбек Назым Мейірбекқызы; Назарбаева Газиза Шерхановна.
3 орын: Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті - Әмірова Аружан Мақсатқызы; Қожахметова Шырын Серікқызы.
Команда жетекшілеріне, белсенді қатысқан студенттерге ризашылығымызды білдіре отырып, жеңімпаздарды құттықтаймыз! Барлық жетекшілер және қатысушылар арнайы сертификатпен марапатталды.
Өткен күні, уақыты: 13-14.04.2023 ж., сағ. 9:00
Өткен орны: М.Өтемісов атындағы БҚУ, №5 оқу ғимараты. Жаратылыстану – география факультетінің 8, 9, 15 аудиториясы.