Семинар: «Педагогикалық білім беру әлеуетін нығайту»

    20-21 сәуір күндері Астана қаласының Назарбаев университетінде Дүниежүзілік банктің қолдауымен Ғылым және жоғары білім министрлігі жүзеге асыратын «Педагогикалық білім беру әлеуетін нығайту» жобасы бойынша қорытынды семинар өтті.

    Жоба Назарбаев университетінің негізгі сарапшылары, Финляндияның НАМК және JAMK университеттерінің басшылығымен жүзеге асырылды. Жобаға Қазақстанның 17 жоғары оқу орнынан педагогикалық әзірлеушілер қатысты.

    Қорытынды семинарға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің вице-министрі Қ.А.Ерғалиев, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының м.а. Б.М. Нарбекова, Финляндияның Қазақстандағы елшісі С.Мякелянен-Буханист қатысты.

    М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің командасы бұл жобада «Биология», «Химия», «Жаратылыстану» білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша көшбасшы жоғары оқу орны болды, сондай-ақ топ мүшелері «Физика», «Информатика», «Цифрлық педагогика» (магистратура), «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», «Музыкалық білім» білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысты.

    Семинарда педагогикалық білім беру моделі мен педагогикалық бағыттағы 30 жаңа білім беру бағдарламалары әзірленген жоба бойынша орындалған жұмыстың қорытындылары талқыланды.

    Семинар педагогикалық кадрларды даярлауды нығайту үшін университеттердегі өзгерістер агенттері деп танылған 105 білім беру бағдарламаларын әзірлеушілерге сертификаттар беру рәсімімен аяқталды.

    Жобаны педагог кадрларды даярлау жүргізіліп жатқан еліміздің барлық жоғары оқу орындарында әзірленген білім беру бағдарламаларын пилоттау және масштабтау мақсатында жалғастыру жоспарлануда.

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз