Сертификаттар тапсыру рәсімі өтті

    Финляндияның НАМК және JAMK университеттерінің, Назарбаев университетінің басшылығымен Дүниежүзілік банктің қолдауымен Ғылым және жоғары білім министрлігі жүзеге асыратын «Педагогикалық білім беру әлеуетін нығайту» жобасы аясында М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің педагогикалық әзірлеушілер тобы ЖОО-ның профессорлық-оқытушылық құрамы үшін біліктілікті арттыру курсын өткізді. Курста педагогикалық білім берудің негізгі тенденциялары, сындарлы келісу және құзыреттілікке бағытталған тәсіл қағидаттарына негізделген білім беру бағдарламаларын әзірлеу ерекшеліктері, қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру, оқыту мен бағалаудың әдістері мен нысандары қарастырылды.

    Бүгін Финляндияның Хяме қолданбалы ғылымдар университетінің (НАМК) біліктілікті арттыру курстарына қатысушыларға сертификаттар тапсыру рәсімі өтті.

    Академиялық мәселелер бойынша Басқарма мүшесі-проректор Қайсағалиева Гүлжахан Смайылқызы сертификаттарды тапсыра отырып, өзгерістерге дайын болу қажеттігі туралы айтып, барша қатысушыларға жаңа білім беру бағдарламаларын іске асыруда табыс тіледі.

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз