Форсайт-мектеп түлектеріне сертификаттары табысталды

    БҚУ-дың 20 қызметкері 11-15 қыркүйек аралығында БҚО форсайт мектебінің өңірлік кеңсесі ретінде тағайындалған Махамбет университетінде оқудан өтті. Олар Батыс Қазақстан облысын озыңқы кадрлармен қамтамасыз етудің өңірлік стандартын әзірлеуге қатысатын болады. Бүгін жоба жетекшілері Салтанат Мұратқызы мен Айгул Ерсаинқызы, БҚУ Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Гүлжахан Смаилқызы қатысушыларға сертификаттарын табыстап, құттықтауларын жеткізді. Қарқынды оқыту барысында қатысушылар құзыреттілік форсайтын өткізу әдіснамасының негізгі құралдарын игерді. Алдағы уақытта топты өңір үшін жаңа кәсіптер атласын құру бойынша жауапты жұмыс күтіп тұр.
    Жоба барысында форсайт-зерттеулер, инновацияларды болжау және алдағы 5 жылға өңір немесе сала кадрларына қажеттілікті, әрбір өңірде мамандықтар бойынша кәсіптер атласын әзірлеу және мамандар даярлау; кәсіптер атласына сәйкес жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеу және өзектендіру; жаңартылған кәсіптер үшін профессор-оқытушылар құрамын даярлау сынды міндеттерді қамтыды. Қатысушылар модератор және талдаушы бағыттарында білімдерін жетілдірді.
    "Мамандығым – Болашағым" жобасы еліміздің барлық облыстарында іске асырылатын болады және өңірлік еңбек нарықтарының нақты сұраныстарын ескере отырып, кадрлар даярлау жүйесін қайта форматтауға мүмкіндік береді.

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз