«Қарызсыз қоғам» - қаржылық сауаттылықты арттырады

    БҚУ студенттері мен оқытушыларының қаржылай сауаттылығын арттыру мақсатында «AMANAT» партиясы Halyk Bank-пен бірге «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында оқыту курсын бастады.
    Елімізде алты миллионнан астам адамның басында несие бар. Қаржылық сауаттылық деңгейін арттырмай, тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту мүмкін емес. Жобаға қатысушылар курс соңында өз қаражатын тиімді басқаруды және шығынды оңтайландыруды үйренеді деп күтілуде. Олар қаржыға қатысты мәселелер қалай пайда болатынын, дәл қазіргі уақыттағы несиелік қарыздар санын азайтудың қандай жолдары барын, алаяқтық әрекеттерді қалай анықтау қажет екенін білетін болады.
    Спикерлердің сөзінше, "Қарызсыз қоғам" жобасы өте ауқымды және уақытылы қызмет, оларға жүктелген халықтың қаржылық қиындықтарын жеңілдететін әлеуметтік миссияның бір түрі. Халықтың қаржылық сауатсыздығына байланысты жиі кездесетін проблемалар қатарына алаяқтықтың өсуі жатады. Алаяқтар қаржы мәселелерінен хабары жоқ азаматтарды түрлі тәсілдермен алдауға тырысады. Борышкерлердің қатарында алаяқтарға пин-код, карта нөмірін және басқа деректерін беріп, сан соғып қалатындары да бар.

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз